Өндірісте кідіріс жоқ
Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. Әлемді дүрліктіріп жатқан індеттің салдарынан көптеген мемлекеттің экономикасы тоқырай бастады. Алпауыт компаниялар қызметін тоқтатуда. Ал, бүгінгідей алмағайып кезеңде өнім көлемінің азаймауы, сұраныстың болуы маңызды екені даусыз. Бұл ретте, өңірде «қара алтын» өңдеумен айналысатын Атырау мұнай өңдеу зауытының қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Шектеу шаралары, ауру ошақтарының көбеюі өндіріске қалай әсер етуде?
Зауыт мамандарының түсіндіруінше, әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу жүйесіне к өшке н і м е н , ө н д і р і с қызметкерлерінің қызметі бұрынғыша бірқалыпты. Компанияның мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірісінің айналмалы сумен жабдықтау блогының басшысы Ербол Каукардың айтуынша, айналмалы суды салқындатуды қамтамасыз ету бойынша 3602 және 3603 қондырғылары қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Қызметкерлер ауысым бойынша қызмет етуде. Карантиндік режим сақталып, сақтық шаралары қабылданған.
– Қазіргі таңдағы шект е у ш а р а л а р ы б і з д і ң жұмысымызға ешқандай кедергі келтірген жоқ. Б ұ р ы н ғ ы д а й а у ы с ы м қызметі бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Басты өзгешелік, індеттің таралуына байланысты санитарлық т а л а п т а р к ү ш е й т і л д і . Дезинфекциялық шар а л а р ж ү й е л і т ү р д е ж ү р г і з і л у д е . М і н д е т т і түрде бетперде кию режимі қатаң сақталады. Соның арқасында жұмысымызды кедергісіз атқарып отырмыз. Әріптестерім тиісті талаптарды қатаң сақтап, и м м у н д ы қ ж ү й е м і з д і қалыпқа келтіріп, өзімізді және отбасымызды ойлап, сақтық шараларын ұстанып жүруді жете сезінеді. Бүгінде оның оң нәтижесі бар. Біз бұл кеселді жеңіп шығамыз, — деді мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау қондырғысының операторы Айдарбек Хамзаев.
Ал, трет амил метилды эфир (ТАМЭ) өндіру қондырғысының басшысы Әділжан Нұршаханов әлемді құлдыратқан пандемияға қарсы шаралар облысымызда дер кезінде қолға алынды деп санайды.
– Өндіріске келетін болсақ, жұмыс өз бағытында жа л ғ а с у д а . Б і з үші н қашықтан жұмыс жасаудың өзі үлкен тәжірибе болды. Соның арқасында электронды құжат алмасу, аудио-видео жиындар өткізуді дамыттық. Жаңа бағдарламалар іске қосылуда. Әрине, халық үшін карантинге үйрену қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, бұл індетті тоқтатудың шарасы – осы. Себебі, ең маңыздысы – денсаулық екенін ұмытпайық, — деді ол.
Ж ы л б а с ы н а н б е р і аймақтың байырғы кәсіпорны 2 млн. 633 мың тонна мұнай өңдеді. Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі саналатын Атырау мұнай өңдеу зауыты шектеу шараларына қарамастан қызметін ж ү й е л і ж а л ғ а с т ы р ы п жатыр.
Айбөпе САБЫРОВА