Жарнама
Жаңалықтар

Өндіріске – сапалы мамандар

Мұнайлы өлкеде өндіріске қажетті мамандар арнайы құжаттарын алып, еңбек нарығына қадам басты. Жақында колледж түлектеріне салтанатты жағдайда диплом табысталды. «APEC PetroTechnic» жоғары колледжінің қабырғасында білім алып, өз мамандықтарын өзге тілде де жетік меңгерген 218 жас маман кәсіпорындарда қызмет етуге дайын. 

Аталған колледжді автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша аяқтаған Эльзада Жұмабайқызы оқу кезіндегі төрт жыл ішінде өндірістік тәжірибеде де болып, шетел тілін де еркін меңгергенін атап айтты.

–«Ембімұнайгаз» АҚ секілді мекемелерде, белгілі компаниялардың кеңселерінде, цехтарда болып көп нәрсе үйрендім. Жобалаушы бойынша тәжірибе жинаққтадым. Өзім әртүрлі бағытта ІІ курстан бастап практикаға бардым. Мен жоабалаушы да бола аламын, университеттен оқуымды жалғастырып инженер біліктілігіне қол жеткізе аламын. Менің таңдауымды ата-анам қолдады. Ағылшын тілін жетік меңгергенімнің арқасында колледждің берген мүмкіндігімен Испанияға елінің Мадрид қаласынан білімімді жетілдірдім, — дейді Эльзада Жұмабайқызы.

Ол колледжге «қызыл аттестатпен» оқуға түскен. Сондықтан Эльзада негізгі білімді мектептен алу қажеттілігіне айрықша тоқталды.

Ал колледж ұстазы  Марғұлан Өтештің айтуынша, электрмен жабдықтау бойынша 42 маман диплом алған.

–Олар мемлекеттік стандартқа сай, мамандығын толық игеріп шықты. Қазір нарықта осы мамандарға ұраныс жоғары. Колледж бітірген студенттер ЖОО түсуге немесе бірден жұмыс жасауға үлкен мүмкіндігі бар,-дейді ол.

Колледж директоры Асылбек Нұрмышев атап өткендей, келешек мамандар төрт жыл бойы білім нәрімен сусындап қана қоймай, халықаралық стандарттарға сай өндірістік тәжірибеде машықтанған.

–APEC PetroTechnic» жоғары колледжі елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де еңбек етуге мүмкіндік беріп жол ашты. Колледж қабырғасындағы әрбір сабақ пен жоба, байқаулар сіздердің өмір жолдарыңызға мықты іргетас болып қалануына тілекшіміз. Білім мен тәрбиені ел игілігіне жаратып, адал еңбек ететін азамат болуға шақырамын. Қолдау көрсеткені үшін ата-аналарға, табанды еңбектері үшін ұстаздарға үлкен алғыс айтамын, — деді Асылбек Жорабекұлы.

Айбөпе САБЫРОВА,

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button