ФЕЙК: Атырау облыстық ауруханасында 200 адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталған жоқ
Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. «Жергілікті облыстық аурухананың екі жүзге жуық дәрігерлері мен емделушілері Covid-19 вирустық дертіне шалдықты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде мәлімдейді» делінген аталмыш ведомство таратқан ресми ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған Қызылқоға ауданының тұрғыны 200-ге жуық дәрігер мен емделушілерге инфекция жұқтырды деген ақпарат тараған еді.
Қазіргі таңда Атырау облыстық ауруханасының пульманология, гемотология, терапия, урология, гинекология және хирургия бөлімдерінің жұмысына шектеу енгізілді. Аталған бөлімшелерде ем алып жатқан 70-ке жуық пациенттердің барлығынан коронавирусты анықтауға алынған тест нәтижесі расталған жоқ. Десе де, емделушілердің барлығы дәрігерлердің толыққанды бақылауында болады.
Облыстық аурухананың өзге бөлімдері штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетелік, жалған, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық Кодексінің «Көрінеу жалған ақпарат тарату», яғни, 274 бабы бойынша, жауапқа тартылады. Құқықбұзушы 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе сол көлемде түзету жұмыстары міндеттеледі.
Немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Немесе осынша мерзімге бас бостандығынан айрылады.