Жарнама
Жаңалықтар

Облыста алдағы үш күн бойы қалың қар жауып, боран соғуы ықтимал

Ауа райы болжамына сәйкес ақпанның 21 күні облыстың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Солтүстік, оңүстік және шығыста — боран. Күн бұлттанып, түнде солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 3-5 градус аязды көрсетпек. Бұл туралы «Қазидромет» РМК АОФ бөлім басшысы Айна Қазғұлова мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сондай-ақ мамандар 22 ақпанның түнінде қар жауып, оңтүстікте қатты қар болатынын хабарлады. Күндіз жауын-шашын күтілуде. Солтүстік мен шығыста боран соғып, батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні кейбір аймақтарда 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

23 ақпанда солтүстік пен шығыста қар жауып, боран соғады. Батыс пен оңтүстікте тұман болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, ал кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Қатты жел мен боран кезінде алыс сапарға шықпау, сақтық шараларын сақтау және қажетті ақпаратты ресми дереккөздерден алу ескертіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button