Атырауда әйелдер бизнесін дамыту орталығы ашылды

220321234421406e Жаңалықтар

Жаңа орталық әйелдердің бизнес-бастамаларына қолдау көрсетіп, кәсіпкерліктің негіздерін оқып-үйретуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Atr.kz сайтының тілшісіне өңірлік кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Айта кетейік, аймақтағы шағын және орта ксәіп иелерінің 52 пайызы – әйелдер. Осыдан он жыл бұрын бұл көрсеткіш біраз төмен болған еді. Оларды оқыту арқылы бизнеске ынталандыру – бүгінде мемлекет ұстанып отырған басты қағида.

«Алдағы уақытта бөлінетін грант көлемі де ұлғаяды деп күтілуде. Әсіресе, ауылдық жердегі әйел-кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау аясы кеңейе түспек» дейді аталған орталық кеңесшісі Гүлнафис Жармұхамбетова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Әсел ТҰЯҚБАЕВА

2203212343501271f
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз