Жарнама
Жаңалықтар

Облыс халқы интернетпен қаншалықты қамтылды?

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтсақ, автомобиль жолдарына мобильді кең жолақты интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу және трансмиссиялар орнату, электр энергиясын жеткізу көзделген.

-Бұл жоспарды іске асыру мақсатында басқарма «КСЕЛЛ» АҚ және аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, республикалық автомобиль жолдарында антенналық-діңгектік құрылым қондырылатын орындарын қосымша зерделеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді. Бүгінде АДҚ орнату орындарын өз меншігіне тіркей отырып, талшықты-оптикалық байланыс желісі және электр энергиясын қосуға техникалық шарттар алынды. Жұмысты жеделдету мақсатында бес АДҚ құрылыстарына жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары бойынша демеуші компаниямен меморандум жасақталып, барлығына сараптамадан оң қорытынды алынды, — деді облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов.

Айта кетейік, аймақтағы 153 елді мекеннің 132-сі интернет желісімен қамтылды. Сондай-ақ Атырауда 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 108, ал Құлсарыда 6 базалық станция бар.

Ал 132 елді мекенге қосылған интернет желісі «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес орнатылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button