Жарнама
Жаңалықтар

Облыс бойынша күзгі әскери науқанда 492 азамат әскерге аттанды

Атырау облысы бойынша күзгі әскерге шақырту науқанында 492 азамат отан алдындағы борыштарын өтеуге жөнелтілді. Бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысында Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Есмұхан Қажкенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

— Осы жылдың көктемінде жүктелген 633 адамнан 595 азамат әскерге шақыртылды. Бұл жүктеменің 94% орындалып отырғаны. Ал күзгі шақырту 652 сарбазды құраса, күні бүгінге дейін 492 азамат әскерге жөнелтіліп, жоспар 75% орындалды. Жүктеменің толық орындалмауының басты себептері, ол — шақырту контингентінің әскерге қызмет етуге ынтасының болмауы және денсаулық жағдайларына байланысты, — деді Е.Қажкенов. 

Өңірден аттанған сарбаздар ҚР Қарулы күштері, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, ТЖМ және Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінде өз борыштарын өтеуде. 

Айта кетейік, биыл облыс бойынша әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету іс-шараларына жергілікті бюджеттен 124 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button