Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Облыс әкімінің орынбасары мереке күнінде атыраулықтарға үндеу жасады

Атырау обылысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев  медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен жиын өткізіп, өңірдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды талқылады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы ол telegram-арнасында жазды.

“Өздеріңіз білесіздер, мереке күндері денсаулық сақтау ұйымдары үшін жұмыс еселенеді. Жедел жәрдем қызметіне қосымша жүк түседі.

Соңғы он күнде қызылша ауруына ОРВИ қосылып, жығылғанға жұдырық болуда.

Сол себепті ауруханадағы төсек орындарының санын көбейттік. Кезекші бригадалар күшейтіледі”, -деп жазды telegram-арнасында.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары атыраулықтардың есіне денсаулықты күтуге арналған дәрігерлердің ұсынымдарын салып қойды.

“1. Вакцинация: Бұл қызылшаның алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Қазір аймақта халықты жаппай иммундау бағдарламасы жүзеге асырылуда. 6 айдан 10 айға дейінгі, 2 жастан 4 жас 11 айға дейінгі балалар және бұрын екпе алмағандар міндетті түрде вакцинациялануы тиіс.

2. Жеке гигиена: Қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану.

3. ОРВИ немесе қызамық белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болмау.

4. Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық жаттығулар және жеткілікті ұйықтау.

5. Ауа-райына сәйкес киініп, салқын жерден аулақ болу керек, бұл иммунитетті төмендетуі мүмкін.

6. Бөлмелерді тұрақты тазалау және желдету де вирустардың таралуын азайтуға көмектеседі.

7. Маскаларды қажет болған жағдайда қолдану”,- деп жазба қалдырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button