Жарнама
Жаңалықтар

Облыс әкімі Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік награданы табыс eтті

25 қазан — Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

3f6b9647 51a0 4912 ba8c dd15bd5fd15a

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы  атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз». Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік,-деді С.Шәпкенов.

75444555 5f1a 4407 a31c 5f0473217a0e

Серік Шәпкенов салтанатты шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар адамға мемлекеттің наградалар табыс етті.

3946d419 324e 4884 a4e4 446daa8e2910

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен: 

Оразғали Қаршегенов — «Атырау Жарық» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.

«Парасат» орденімен:

Бисен Қуанов — еңбек ардагері;

Нұрпейіс Мақашов — еңбек ардагері;

 Ерлан Мұқай  — НКОК компаниясының басқарушы директорының орынбасары.

 «Құрмет» орденімен:

Нұрқабыл Айтмұхамбетов — «Атырау  облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры;

 Сәдірғали Әділов — еңбек ардагері;

Махш Гайсина — «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Музыка және өнер» кафедрасының доценті;

Ғалия Досалиева — «BRANDO» ЖШС бір реттік шприц зауытының бас инженері;

Балжан Досмұхамбетова — «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы;

Айжан Қарабаева — «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» ҚКМК директоры;

Галия Куталиева — «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Кудряшов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі практика дәрігері;

Нұрлыбек Хамитов — «ТөбеаралОйл» ЖШС директоры.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Сұлтан Айталиев — «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының  автоматика  және өлшеу аспаптарының жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі VI разрядты электр жөндеушісі;

Нұрсәуле Құттыбаева — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау цехының есепке алу жөніндегі аға операторы;

”Ерен еңбегі үшін” медалімен:

Аббасов Надик Имамали Оглы -«МКДСМ» ЖШС асфальт төсеуші операторы;

Гүлболат Аманғалиева — «Атырау облысы  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы» ММ халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің басшысы;

Қамидолла Әбдрахманов — еңбек ардагері;

Райхан Әйтенова — еңбек ардагері;

Мұрат Батыралиев — «АтырауНефтеМаш» ЖШС слесарь-монтажшысы;

Өтежан Дайнов — жеке кәсіпкер, Атырау облысы Құрманғазы ауданы;

Анаргүл Доспаева — «Индер аудандық ауруханасы» КММ директоры;

Айгүл Дүсіпова — «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасының аға түптеушісі;

Айбар Ерекешов — жеке кәсіпкер, Атырау қаласы;

Миржан Есмағанбетов — Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КҚММ дзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы;

Ақжанар Жалғасбаева — ​«Х.Санбаев атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Атырау облысының Мақат ауданы;

Жаңабай Жұбанов — ​«БатысАльянсСтрой» ЖШС басшысы;

Махамбет Зухажжин — ​«Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС экскаватор операторы;

Қайырболат Ізбасов — ​«Бекет Сат Жол» ЖШС директорының орынбасары;

Арман Кенжехорұлы — ​«Ембімұнайгаз» АҚ аппарат басшысы;

Жалғасбай Құрманов — ​«Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ көлік жүргізушісі;

Айболат Құспанов — ​«Батысстройсер-Атырау» ЖШС участок мастері, Атырау қаласы

Бекболат Латипов — ​«АлтынАлма Строй Индустрия» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары, Атырау облысының Құрманғазы ауданы;

Сәуле Мамбетова -​«Жылыой аудандық орталық аурухана» КММ перзентхана бөлімшесінің акушер-гинекологі;

Ерболат Насимуллин — ​еңбек ардагері, Исатай ауданы;

Тұрсын Нұрберген — ​«TSGConstruction» ЖШС инженері-сметашы, Атырау қаласы;

Байерхан Нұрғалиев — ​«ZAF-стройсервис» ЖШС техникалық қадағалаушы, Атырау қаласы;

Гаухар Нұрымбетова — «Atyrau Power Construction-2000, Кашаган-Контроль, KazEnergy» ЖШС директоры;

Әділхан Сейілханов -​«Direct Constuction Service» ЖШС механизатор-экскаваторшысы,  Махамбет ауданы;

Серік Сейтқазин -​«Сап Ин Вэст» ЖШС басшысы, Атырау қаласы;

Сайпеден Сидағалиев -​ «Бегайдар» шаруа қожалығының  мал өсірушісі, Атырау қаласы;

Қуан Шалмұқан — ​JM Capital Холдингі «New Ascent» ЖШС база басшысы, Атырау қаласы;

«Шапағат» медалімен:

Дәурен Сейітқалиев — ​азаматтық белсенді, Атырау қаласы;

Руфат Таңатаров ​-​ ерікті, Атырау қаласы.

Айта кету керек, кеше Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында «Шапағат» медалімен Жылыой ауданының еріктісі Әмин Нұрбаев марапатталды.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button