ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барды
Аймақ басшысы алдымен Талдыкөл ауылына ат басын бұрып, мұндағы кірме жолдың күрмеуін шешуді тапсырды, — деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімі іс-сапар аясында Сарайшық ауылында салынатын Сапар орталығы мен 300 орындық мешіттің құрылыс-жоспарымен танысты. Ары қарай, ауданға қарасты «Құрсай» каналына барды. Биыл, күрделі жөндеуден өткен каналдың 39 шақырымы толық пайдалануға беріліп, екі жаңа су сорғысы қондырылған.
⁃ Бұрын «Құрсай» каналының 11 км шақырымын ғана пайдаланатын едік. Қазір күрделі жөндеуден өткен соң, толық пайдаланып ескі екі су сорғысын жаңарттық. Су тапшылығы жоқ — дейді, жұмысшы топ.
Облыс әкімі әр аймаққа жауапты мамандарға тиісті міндеттер жүктеді.