Жарнама
Жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Кеше аймақ басшысы Серік Шәпкенов 40 тұрғынды жеке қабылдап, олардың өтініш-пікірін тыңдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

img 1664

Азаматтар тұрғын үймен қамту, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, инфрақұрылым жүргізу сынды мәселелерді көтерді. Серік Шәпкенов тұрғындардың сауалын сала мамандарымен бірге қарап, нақты жауап берді. 

Жеке қабылдауға келгендердің арасында Ақсай ықшамауданының тұрғындары бар. Оларды толғандырған мәселе — көшелерде әлі күнге тас жолдың төселмеуі.

Тұрғындардың бұл сауалына қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов жауап берді.

— Мәселе оң шешімін тапты. Қазір қаладағы 55 шағын көшеге тас жол төсеу туралы жобалық-сметалық құжаттама жасалды, соған сай қаржы бөлінді. Енді мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланады. Құрылысты биыл бастауды жоспарлап отырмыз,-деді Т.Махуов. 

Облыс әкімі жауапты басшыларға халыққа жол салу процесінің жүру барысы туралы жан-жақты ақпарат беріп отыруды тапсырды. Жұмыстар басталған соң ақсайлықтарға қоғамдық бақылауды күшейту қажетін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button