Облыс әкімі «Ақжайық» резерваты аумағындағы өртті әуеден барлап шықты

72508e9a bcf9 464c b8b3 1a0380b40b70 Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық»мемлекеттік табиғи резерваты маңындағы жанып жатқан өрт аумағын әуеден барлап шықты.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграмм арнасында жазба қалдырды.

“Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталған жоқ. Алайда қамыс бықсып жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 15:20 сағаттағы ақпарат бойынша 36 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Жалпы осы уақытқа дейін тілсіз жауды ауыздықтау үшін 204 тонна су төгілген.


Облыс әкімі жуық арада өртті сөндіруді тапсырды. Бұл үшін мемлекеттік органдарға бар мүмкіндіктерді жұмылдыру қажеттілігі аталып өтті. 

Бірнеше күн бойы өртсөндірушілер, аянбай еңбек етіп жатыр. Қажетті техникалар болғанымен де, өрттің табиғи ерекшелігі және күннің ыстығы, сөндіргеннің өзінде де бықсып, түтіндеп өшуге қиындық тудыруда. Түсіністікпен қарауды сұраймыз, алдағы күндері толығымен өшетініне сенімдіміз”- делінген жазбада.

56b654d1 324d 4230 b7f0 dcbbf8af2399
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз