
ЖаңалықтарСаясат
Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18-баптарына сәйкес, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы 2017 жылғы 17 наурыз күні сағат 10.00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселе енгізіледі:
- Облыстық бюджетті нақтылау туралы.
Баяндамашы: А.Т.Әжіғалиева – Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- Басқа да мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2017 жылғы 16 наурыз күні сағат 15.00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Атырау облыстық мәслихаты.