Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау-Ақпаратта» — кадрлық тағайындаулар

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-інде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

«Атырау — Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Бекболұлының өз еркімен жұмыстан босатылуына орай, тәжірибелі журналист Серік Қабдолов «Атырау — Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

serik q

Сонымен бірге, облысымызға белгілі журналист Надежда Тулина бүгін «Прикаспийская коммуна» газетіне бас редактор болып тағайындалды.  Бірнеше жылдан бері облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде журналист, әдеби редактор, шолушы болып еңбек еткен Надежда Тулина газеттің қазанында қайнаған, шыңдалған маман. Бұған дейін газеттің бас  редакторы болған Нәсіп Шалабаева Хисметоллақызы өткен аптада құрметті еңбек демалысына шыққан болатын.

nadia

Әріптестеріміздің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button