Жаңалықтар
Облыс әкімі бір топ азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткен сәрсенбіде халық алдындағы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан туындаған кейбір сұрақтар бойынша жеке қабылдау өткізуге уәде еткен еді. Осыған орай аймақ басшысы кеше бір топ азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен департаменттер басшылары, қала әкімі, сондай-ақ, аудан әкімдері онлайн режімде қатысып отырды. Қабылдауға келушілер әлеуметтік мәселелермен бірге экология, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үймен қамту және құқық қорғау жөніндегі сұрақтарды қозғады.
Нұрлан Асқарұлы азаматтардың ұсыныс-пікір, тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің нақты шешімін алу үшін тиісті мемлекеттік орындардың басшыларына тапсырмалар берді.
Өз тілшіміз.