
Жаңалықтар
Облыс басшылығы резерваттағы өртпен күресті күшейтті
Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында шыққан қамыс өртіне қарсы күрес жұмыстары күшейтілді. Қазір өртті оқшаулау мен сөндіру бағытында барлық тиісті қызметтер жұмылдырылған, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына облыс әкімі Серік Шәпкенов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы арнайы тікұшақпен барып, жағдайды көзбен шолып, өрт сөндіру барысын үйлестіруде. Тікұшақпен бірнеше мәрте су төгіліп, жердегі күштермен бірлесіп өрт ошақтарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ