Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Қоқыс тазалаушыға – 150 мың теңге

Өткен аптада Атырауда кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығына жауапты бөлімдер мен басқармалар, «Арнаулы көлік базасы» мекемесінің басшылары бұл жолы қоқыстың көптеп шығарылғанын айтады.

%d2%9b%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%812

Тазалық жайын айтқанда, туындайтын мәселелер де жоқ емес. Мәселен, қолға сыпырғыш алып, көшеге шығуға кейбір тұрғындардың ұялатынын сенбілік барысында айқын аңғардық. Ал, тазалық жұмыстарын атқаруға еріну – мүлде басқа әңгіме. Бұл сөзімізді жергілікті тұрғын, зейнеткер Сәуле Мағауқызы да қуаттайды.

— Осындай сенбіліктер жиі өткізілсе, ортақ үйіміз одан сайын көркейе түсер еді,- деген ол әр сенбіде тұрғылықты аумақты тазалап тұруға шақырды.

Көп жағдайда коммуналдық қызметке атыраулықтар емес, өзге өңірлер мен көрші елдерден келген азаматтар   тартылады екен. Неге? Өйткені, мұнайлы астаналықтар мұны «қара жұмыс» деп менсінбейді. Жуырда Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов енді республиканың оңтүстік облыстарының тұрғындарын жұмысқа алу жағы қарастырылатынын айтқан болатын. Оларға 150 мың теңге төңірегінде жалақы төленбек. Ендеше, жергілікті жұмыссыздар осыны ескеріп, қолда бар қызметтің қадірін білер деген ойдамыз.

%d2%9b%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%81

Тағы бір мәселе, жақында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев  шаһар басшылығымен және аудан әкімдерімен өткізген селекторлық жиналысында қоқысты сұрыптайтын және қайта өңдейтін арнайы мекеменің жоқтығын мәселе етіп көтерген болатын. Жалпы, күресінге күн сайын – 236 тонна, бір айда – 7 мың тонна, ал, әр жылы – 85 мың тонна қалдық төгіледі екен.

Жергілікті бизнесмен Әзілхан Байбатыров әртүрлі жәшіктер орнату жолымен тұрмыстық қалдықтарды рет-ретімен жинау идеясын ұсынады. Алайда, мұндай жаңашылдыққа таяқ тастам жерге баруды қиямет көрген кейбір тұрғындарымыз үйрене қояр ма екен? Осыны ескерген кәсіпкер «Жасыл ел» мен «Жас Отан» ұжымдарымен бірлесіп еріктілер тобын да құрып үлгеріпті. Олар енді әр пәтер иесімен жекелей жолығып, қоқысты сұрыптауға үндемек.

 

Амандық

Сағынтайұлы

Related Articles

One Comment

  1. Мынау керемет жаңалық екен. Егер қоқыс тазалаушыға осылай жіті мән берілетін болса, онда жұмыссыз жүрген жастар сәл ойланар еді. Екі қолға бір күрек алып, көше сыпыруға шыққанда тұрған не бар? Бұл біреудің алажібін аттап, қылмыс жасағаннан тәуір. Өйткені адал еңбек қана арманға жеткізеді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп оңай олжа табуға еті үйреніп қалғандар осыны түсінсе екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button