Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ө Л К Е Т А Н У Ш Ы

Atr.kz/1 қараша, 2019 жыл. Тарихшы-өлкетанушы Жанұзақ Ғизатовтың «Ұлы даланың қасиетті күмбезі» атты кітабының жарыққа шыққанына да бірталай жыл өтіпті. Адам баласы кітапты не үшін жазады? Ондаған жыл бойы шаң басқан архивтердің табалдырығын тоздырып, сарғайған тарихи құжаттарға үңіліп, көз майыңды тауысып, кім үшін бейнет кешесің.

«Жастардың еліне, туған ж е р і – атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің кемел келешегіне с е н і м і н қалыптаст ы р ы п , отаншылдық с е з і м і н т ә р б и е л е у үшін олардың с а н а с ы н а ұлтымыздың тамырлы тарихы мен адамзат өркениетінде елеулі орны бар өнегелі м ә д е н и е т і н с і ң і р у г е көмектессек деген ағалық оймен бұл кішкене еңбек сіздерге арналады, XXI ғасыр жастары!», — деп бастапты ағамыз жоғарыдағы аты аталған еңбегін.

А т а м е к е н г е д е г е н сүйіспеншілікті оятамын деп, көз майын тауыса ғылыми ізденіспен шұғылданған өлкетанушының кітабын парақтасаңыз, қос құрлықтың тоғысқан аумағының біраз бөлігін алып жатқан Атыраудың тым әрідегі тарихына кезігесіз. Солтүстік Каспий аймағында үй жануарлары қай кезден бастап пайда бола бастады, қола дәуірі кезінде атамекенімізді қандай тайпалар мекен етті, ғұндар, хазарлар, оғыздар, қыпшақтар туралы тереңірек білгіңіз келсе, «Ұлы даланың қасиетті күмбезіне» үңілу керек.

Ғұмыр бойы Сарайшықтың ауасын жұтып келе жатқан ағамыз – бүгінде «Хан ордалы Сарайшық» мұражай қорығының аға ғылыми қызметкері. Сол себепті де, тарихшы ағамыз еңбегінде Сарайшықтың салтанатты шағы туралы тебірене жазады. П.И.Рычков, А.Левшин, Н.М.Карамзин, И.Казанцев, Г.И.Пацевич, П.С.Паллас,

Ф.Гебель, Н.К.Арзютов, Әлкей Марғұлан сынды ғұламалардың еңбектеріне бойлайды. XIIIXV ғасырларда Сарайшықты өз көздерімен көрген шетел саяхатшыларының естеліктеріне де жүгінеді. Бір ерекшелігі, мүйізі қарағайдай тарихшылардың пікірлерін өзге деректермен салыстыра отырып, келіспейтін жерлерінде өз пікірін батыл білдіріп, сүйенген деректерін алға тартады. Бұл еңбекте ислам дінінің елімізге таралу кезеңі де жан-жақты зерттелген екен.

Әсіресе, ұлтымызға имандылықтың нұрын сепкен дін ғұламаларын, оның ішінде батыс өлкедегі дін таратушылар жайлы қызғылықты әңгіме құрады. Олардың еңбектерін талдап, жастарға жан-жақты түсіндіреді. «Жастарға имандылық әліппесін үйретіп, ұлтының адамгершілік дәстүрлерін қадірлеуге жол сілтеу арқылы оларды саналы азамат ретінде тәрбиелеуге болады,» — деген ой айтады байырғы ұстаз.

Бір сөзбен айтқанда, туған жерінің тарихын қастерлеп, сол бір ізгі тарихтан кейінгі жастар өмірлік бағыт-бағдар алса екен деп уайым кешкен ардақты ұстаз Жанұзақ Ғизатов күні бүгінге дейін бес кітап жазыпты. Ол өзгелер қызығатындай ғұмыр кешті. Қатпар-қатпар тарихы тереңде жатқан туған өлкесінің бір пайдасына жарасам деп, талай жыл көз майын тауысып, кітапқа үңілді.

Ғылыми атақты бақай есеппен қорғап, пышақтың қырындай брошюрасына бола жер-көкке симай желпініп жүрген кей ғалымсымақтар сияқты емес, өмір бойы қақ-соқпен ісі болмай, іргелі ғылыми дүние жазса да, онысын ешқашан бұлдамай бар бақытын еңбектен тапқан бейнетқор жанға қарап, ғылым жүгінің тым ауыр, әрі соншалықты абыройлы екендігін бағамдайсың.

Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button