Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда екі күнде 3 көлік өртенді

Атырау облысында 2 тәулікте 3 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

24 желтоқсан күні Атырау қаласы, Әуезов көшесі мекен жайында орналасқан көлік жөндеу орталықтарының бірінде автокөліктің жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде Армения Республикасының тіркеуінде тұрған «Toyota Sienna» автокөлігінің жануын анықтады. Автокөлікте газ қондырғысы орнатылған. Абырой болғанда өрт сөндірушілер жарылу қаупінің алдын алды.

Сонымен қатар, «Атырау-Орал» тас жолы, Алмалы ауылының тұсында, полиция бекетінің маңында «Chance» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген.

25 желтоқсан күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Өңдірістік аймақ мекен жайында «КАМАЗ» вахтовка маркалы автокөлігі өртеніп,толықтай өшірілді.

Аталған өрт оқиғаларының шығу себептері анықталуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button