ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Қоғамдық тәртіп қорғаны

Қаңтардың 16-ы күні кешкілік сағат  жетіге таяу әкеміз Көздібай Сәнғалиев АтырауҚұлсары бағытына жүретін автобуспен Атыраудан келетін немерелерін қарсылауға шыққан болатын.

cd232fc9-f31c-403a-a9e5-4b998d096aeb

Құлсары көшелерінің жарықтанбай, қараңғылығынан әкеміз адасып кетіп, үйді таба алмай қалады. Осы кезде шұғыл іздестіруді ұйымдастырған жергілікті полиция бөлімінің басшылары Сәбит Дуржиковке, Алпамыс Дүйсеновке,  сондай-ақ,  полиция қызметкерлері Айбек Насипов, Жақан Нариков, Болат Қанатбаев, тергеуші Амангелді Мұқашев, қылмысты іздестіру бөлімінің қызметкері Айбек Әділғалиев, учаскелік инспектор Төлеген Қабдолов, криминалист Баубек Бақытовтарға жанұямыздың атынан облыстық «Атырау» газеті арқылы ризашылығымызды білдіреміз.

Біз адамдардың тыныш ұйқысы мен қоғамдық тәртіпті сақтауда күн-түн демей жүретін құлсарылық полиция қызметкерлерінің қиын да жауапты жұмыстарына табыс тілейміз.

Қайрат СӘНҒАЛИЕВ,

Құлсары қаласы,

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button