Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар «қара кассаны» кіммен бөліседі?

«Мұнайлы астанамыздың»  жыл санап тұрғындары артып, аумағы ұлғайып келе жатыр. Сондықтан жолаушылар тасымалын заманауи жүйеге көшіру мәселесі бүгінде өзекті болып отыр.

25d0aadd0881812c5382e076deed23990fcbf18d_600-1

Бүгінде өңір орталығы мен оған қарасты аумақтарда қоғамдық тасымал қызметін дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жасақтау құқығын Алматыдағы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы жеңіп алды. Сөйтіп, тұжырымдаманы техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмажан Жаңбыров жасақтап шығарды. Мұндай қажеттілік неден туындады? Сонда осыған дейін біздегі тасымал жүйесі қып-қызыл шығынмен жұмыс істеп келді деген сөз бе?

– Несіне жасырайын, өзім есепке жақсы болған соң, асықпай отырып бұл бағытта біраз ізденіп, қазіргі тасымалдың оң-солын таразыға салдым. Түрлі бағыттағы жолаушылар ағынын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік және мұнай-газ университеттерінің студенттері есептеп шығарды. Нәтижесінде, шұғыл түрде жаңа жүйеге көшпесе болмайтынын түсіндім.

Соңғы кезде жергілікті қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін транспорттық мекемелер қосалқы бөлшектер мен басқа да қажеттіліктердің қымбат екенін, мемлекеттен бұл бағытта субсидия бөлінбейтінін, жеңілдігі барларды тасымалдауға өтемақы төленбейтінін және тасымалдың табыссыздығын  айтып шағымданып жүргенін өзіңіз де білесіз. Сондықтан олар жолақыны көтеру керектігін алға тартады. Егер тұжырымдама іске асатын болса, тасымал қызметін де бизнес көзіне айналдыруға болады.

Тұжырымдаманы жасақтамас бұрын, көлік саны, жолаушылар легі, одан түсетін пайда мен төленуі тиіс салық бар, бәрін есептеп шығардым. Нәтижесінде, күн сайын үш миллиард теңге қаражаттың жүргізушілер мен бақылаушылардың қалтасында қалатыны белгілі болды. Тіпті, жолақы төлемін елу теңге деп алғанның өзінде осындай қаржы есептеліп отыр. Сондықтан, сексен теңгенің өзі де жетеді деп ойлаймын. Тек қаржылық бақылауды күшейту қажет.

Бұл жерде тағы бір ескере кететін жайт, айтып отырған жүргізушілер мен кондукторлар тапқан табысын өз қалтасына ғана баспайды. Ендеше, олар кіммен бөліседі, оны сіздер, яғни, журналистер анықтауы керек. Осыдан төрт жыл бұрын атқарушы билік пен тасымалдаушылар «қара кассаны» түбірімен жоймақ болып, бұрынғы кеңестік билет жүйесін қайта жандандыруды қолға алған еді. Әйтсе де, одан еш нәтиже шыға қойған жоқ. Бүгінде жергілікті әкімдік электронды билетті енгізу бойынша чехиялық мекемемен келіссөздер жүргізуде. Келесі жылдан бастап бұл жоба іске аспақ, — дейді Ж.Ғинаятұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button