Нұрлыбек Қабдықапаров Атырауда КТ аппаратынан тегін өту мәселесіне түсінік берді (+ ВИДЕО)
Atr.kz/29 шілде, 2020 жыл. «Тұрғындар жергілікті мекен-жайына байланысты, емханадан жолдама әкелу арқылы компьютерлік томография аппаратының қызметіне тегін жүгіне алады» дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Десе де, пневмонияны анықтауға рентген аппараты да балама бола алады.
«Өздеріңіз білесіздер, КТ бұрын болмаған кезде де, пневмонияны рентген аппараттары арқылы анықтау мүмкін болған еді. Демек, компьютерлік томографияға рентген аппараттары балама бола алады», — дейді Нұрлыбек ҚАБДЫҚАППАРОВ.
Айта кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша 10 КТ аппараты бар. Оның ішінде,
Атырау облыстық ауруханасы – 2;
Атырау облыстық №2 ауруханасы – 1;
Атырау облыстық кардиорталығы – 1;
Атырау облыстық онкология диспансері – 1;
Атырау облыстық балалар ауруханасы – 1;
Жылыой аудандық орталық ауруханасы – 1 аппаратпен қамтылған;
3 аппарат жеке клиникалар секторында орналасқан.