Нұр — Сұлтан: Тұңғыш Президенттің төл өнімі
Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. «Бүгінгі шарадан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес» дейді Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің І курс студенті Анель Табылған.
» Біз ес білгелі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев болды. Көшбасшымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің балалық шағымыз еш алаңсыз өтті. Тегін білім алдық. Мемлекетіміздің қамқорлығын сезіндік. Тұңғыш Президент болашаққа, жастарға, яғни бізге сенім артты. Мемлекетіміз дамудың жаңа белесіне қадам басқан кезде Елбасы өкілеттілігін тоқтатты.
Ел тізгіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берілді. Ол жуырда Елордамызды Тұңғыш Президент есімімен атауға орынды шешім шығарды. Біз бұл тарихи шешімді қолдаймыз. Себебі, астанамыздың қалай бой көтергенін қазақстандықтар жақсы біледі. Сөз жоқ, Елорда тұңғыш Президенттің «өнімі» деді облыс орталығындағы «Жайық» спорт кешенінде өткен концерттен кейінгі пікірін білдірген Анель Табылған.
Айбөпе Сабырова.