«Нұр — Сұлтан»: Елорданың атауы өзгерді
Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қ.Тоқаев,
Қазақстан Республикасының Президенті
Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз