Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Nur Otan»: ауыл тұрғындарын не мазалайды?

Бүгін «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат тобы «Есіктен-есікке» акциясы аясында Құрсай, Водников, Көкарна, Жаңаталап, Атырау, Құрманғазы, Амангелді ауылдарына барып, елді мекен тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, оның аясында атқарылар жұмыстар туралы түсіндірді.

Партия атынан Атырау облыстық маслихатына ұсынылған кандидат Саламат Идрисовтың сенімді өкілі Гүлфайруз Қайырғалиева бастаған топ үгіт жұмыстары барысында әр үйге «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанымдары көрсетілген бағдарлама мен «Қазақстанның жеті жетістігі» жазылған парақшаларды таратты. Осы орайда партия еліміздегі экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуды негізгі бағыт қылып ұстанатындығын жеткізді. Сондықтан, әрбір қазақстандық алдағы сайлау науқанына қатысып, таңдаған партия өкіліне дауыс берулері маңызды екендігін түсіндірді.

Шара барысында аталмыш ауылдардың тұрғындары Алдаберген Ғалымжан, Гаухар Айқынбекова, Ерболат Асанов, Мейрамбек Шарафиев, Нұрберген Әділов, Ханзира Аймұқашевалар сайлауға түсушілерге сәттілік тілеп, өз тараптарынан партия бастамаларын қолдайтындықтарын айтты. Осымен қатар, олар бір-бірімен жалғасқан осы ауылдардың аралығындағы көлік қатынасы мен жол мәселесінің жақсаруына партия тарапынан қолғабыс берілсе деген тілектерін де білдірді.


«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button