«Nur Otan»: Батыл бастамалар көтеретін кез келді
«Nur Otan» партиясының атынан депутаттыққа үміткерлер Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қызметкерлерімен кездесті.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлзада Шакуликова мен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Педагогика ғылымдары Академиясының академигі Нұрлыбек Даумов шараға қатысушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси науқанға қатысуға шақырды.
Шарада айтылған ұсыныс-пікірлерге маңыз берілді. Оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін кабинет ашу туралы ұсыныс көпшілік тарапынан қолдау тапты.
– «Nur Otan» партиясы тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Бүгінде елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген ұйым көпшіліктің сеніміне ие болып отыр. «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» деген жалпыға белгілі қағидат. Елдегі ең ауқымды трансформациялар нақты саладағы, өңірлердегі өзгерістерден басталады.Осы бағытта білім беру, денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер, жастар саясаты назардан тыс қалмасы анық, — деді Г.Шакуликова.
Өз кезегінде Нұрлыбек Даумов «Партия сөздің емес, істің партиясы екеніне дәлел болатын жұмыстар көп» деді. Облыстағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіп сұранысын қанағаттандыратын кәсіби жоғары маман даярлау күн тәртібіндегі міндеттің бірі болып қалады. Алдағы уақытта «мектеп–колледж–жоғары оқу орны» бойынша бірыңғай білім беру жүйесі, West Hub – Батыс білім беру хабы, «Білім-ғылым-өндіріс-бизнес» интеграциясы бағытында үлкен жобалар жүзеге асады.
«Nur Otan» партиясы алдағы жылдары облыста бірқатар жобаларды қолға алады. Өңірге келіп, университетте қызмет етіп жатқан жастар, шетелдік жетекші оқу орындарының, «Болашақ» бағдарламасының түлектері партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын, мемлекетімізді көркейтуге бағытталған барлық жарқын бастамаларды іске асыруға үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді