Жарнама
Жаңалықтар

Ноғаев: Немқұрайлы қатынастан қалай құтыламыз?

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірімізде арнайы сарапшылар кеңесі құрылғанын жазған болатынбыз. Жақында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен аталған кеңестің алғашқы отырысы өтті.

ЕАС-103

Онда екі мәселе талқыланды. Біріншісі, аталған бағдарлама аясында өңірде атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев баяндады. Ол бүгінгі күні белгіленген 86 жобаның 21-і жүзеге асырылғанын, қалған 65-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар екенін жеткізді. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. 2021 жылға дейінгі қаржыландырудың жалпы сомасы 1,7 миллард теңге болады.

– Жалпы, сарапшылар кеңесі ортақ ой-пікірлерді жүйелеп қана қоймай, оларды саралап, талдау мақсатында құрылған. Кеңеске 18 адам мүшелікке еніп отыр. Олардың қатарында белгілі тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, облыстық басқарма басшылары, кәсіпкерлер, түрлі мекемелер мен ұйым басшылары да бар. Басты міндет – бағдарламаға енетін жобаларды талдап, бекіту.

Бүгінге дейін жобалық кеңседе түрлі деңгейдегі әкімдік, басқарма, мекемелер ұсынған 162 жоба қаралды. Оның бірқатары бір-біріне ұқсас болса, енді бірі күнделікті атқарылатын жұмыстар аясында қалған. Сондықтан, оның тек 43-і ғана іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік унвиерситетінен 16, «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан 6, Мақат ауданынан 4 және басқа да жобалар түсіп отыр. Әйтсе де, ешқандай жоба ұсынбағандары да бар. Бұл орайда 7 миллиард 382 миллион теңге қарастырылса, соның бір бөлігі «Қазақ елі» орталығының құрылысына қатысты. Оның 187 миллионы демеуші тараптан. Қалған 31-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылмақ, – деді Жасұлан Орақұлы.

Бұл орайда, өңір басшысы жаңа жобалар ұсыну мәселесіне немқұрайлы көзқарас бар екенін ашық айтты. Яғни, мемлекет қаржылай қолдау білдіруге дайын, ендеше, тек белсенділік қана жетіспейді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button