Атырауда белгісіз жағдайда қырылған балықтар өртеліп жатыр

photo 268401 Жаңалықтар

Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. Енді, бекіре өсіретін «Луговой жылқы зауыты» АҚ  Атырау филиалының 110 тоннадан астам бағалы балығы ешнәрсеге жарамсыз күлге айналады.

КТК арнасы таратқан мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Атырау қаласындағы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде тәулігіне 8 тоннадай балық өртелуде.

photo 268401

Зауыт қызметкерлері бұл жерге көлікпен күніне 4 мәрте қатынап, балықтарды бір апта дегенде  әрең тасып бітіріпті. Ал, өртеу жұмыстары алдағы он күннің ішінде аяқталуы тиіс. Балық зауытындағылардың айтуынша, олар жергілікті полиция департаментінен бекірелерді жоюға рұқсат алған соң дереу іске кіріскен. Өйткені, Жайық бетіндегі мұздың күн өткен сайын жұқаруына байланысты, тонналаған бекіренің өзеннің келесі бетіне тасылмай қалу қаупі туындапты.

            Еске сала кетейік, балықтардың жаппай қырылу дерегі өткен жылдың желтоқсан айында алғаш рет тіркелген. Зертханалық сараптама олардың жаппай қырылуына судағы аммиак пен хлордың мөлшерден көп болуы себеп деген қорытынды шығарды. Қазір осы жайтқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Әділет ҚАЙЫРОВ, «Аg disinfection services» ЖШС қызметкері:

  Күніне 8 тоннадан балық жағып жатырмыз. Өртелген балықтан шыққан түтін организмге зиян емес. Кәдімгідей ауаға ұшып кетеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз