Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Несиені «kazagro.kz» порталынан талон арқылы алыңыз

Жаңа жылдың 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» клиенттерге қызмет көрсетуде талондық жүйені енгізді. Енді клиентке несиелеуге өтінім тапсырылған кезде жоспарланған несие бойынша негізгі мәліметтері көрсетілген талон беріледі. Талондық жүйе несиелеу өтінімнің ашықтығын қамтамасыз етеді.

kk

– Бұл жүйе несиелеу өтінімдерін қарастыру ашықтығын қамтамасыз етеді, — дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелеу бойынша басқарушы директоры Думан Оспанов. – Талонда несиелеу шарттары, тапсырылған құжаттардың тізімі, өтінім берілген күні мен өтінімді қарастыру аяқталатын күн көрсетіледі. Өтінімді қарастыру бойынша бизнес-процесс толығымен сайтта көрсетіледі, клиент өз өтінімінің жолын kazagro.kz порталында (https://www.kazagro.kz/kk/holding) тіркеліп, көре алады. Талонда клиенттің атауымен қатар несиелеу бағдарламасы, қаржыландыру көзі, сома, пайыздық үстеме, негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеңілдетілген мерзім, сонымен қатар өтінімді қабылдаған менеджердің мәліметтері мен байланыс телефоны көрсетіледі.

Сондай-ақ, талон клиенттің қаржыландыруға қажетті құжаттар пакетін тапсыруын дәлелдейді. Талон басылғаннан кейін несиелеу өтінімі қарастыруға жіберіледі. Клиент kazagro.kz порталында жеке кабинетке кіріп, өз өтінімінің қай кезеңде тұрғанын анықтай алады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі мақсаты — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

АҚ баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button