Несиелер – тұтыну мақсатына

Несиелер Ц т тыну ма сатына Жаңалықтар

Еліміздегі екі ірі екінші деңгейлі банктің бірігуіне қатысты сарапшылар тарапынан түрлі пікірлер айтылғаны белгілі. ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева бүгінгі таңда «Казкоммерцбанк» «Халық банкінің» еншілес компаниясы болып табылатынын атап айтты. Ал, қос қаржы ұйымын қайта ұйымдастыру – акционерлер құзырында. Екеуі де коммерциялық құрылым болғандықтан, олардың еншілес ұйымдарына қатысты кейбір мәселелерге Ұлттық банк араласа алмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Несиелер Ц т__тыну ма__сатына

Биылғы жартыжылдықта жасалған жұмыстармен таныстырған филиал жетекшісі доллар бағамына мұнай бағасымен қатар АҚШ-тың Ресейге қатысты санкциялары әсер ететінін жеткізді. Жалпы, соңғы кезде жеке тұлғалар тарапынан депозитте шетелдік валютаны сақтау азайған.

– Бірінші жартыжылдықта облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 46,1 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл өткен жылдың есепті мерзімінен 43,8 пайызға төмен. Сондай-ақ, 2,9 млн. еуро, 805,1 млн. ресей рублі алынған. Ал, жұртшылыққа пункттерден 139,6 млн. АҚШ доллары сатылған,-деген Айнұр Көшербаева несиелер әлі де азаматтарға тұтыну мақсаттарына берілетінін атап көрсетті. Бұл бағытта қаңтар-маусым аралығында тұрғындарға 63,3 млрд. теңге қайтарымды қаражат берілген. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 90,2 пайызға көп. Мұның ішінде тұтыну несиесінің үлес салмағы 51,3 пайызды құрайды.

Қаржылық сауаттың төмендігінен шығар, Ұлттық банкке жұртшылықтан түсетін арыз-шағым да аз емес. Филиал директоры олардың басым бөлігі екінші деңгейлі банк қызметіне қатысты екенін жасырмады.

– Көп реттерде тұрғындар өздерінің құқықтарын білмейді де, банкке келіп, түсіндірме беруді сұрайды. Әсіресе, несиеге қатысты сұрақ көп. Жұмыстан қысқарып немесе кірістер азайған тұста, берешектер көбейіп кету деректері кездеседі. Сол кезде қайта қаржыландыру мәселелері бойынша сауалдар көптеп туындайды,- дейді А. Көшербаева.

Айбөпе САБЫРОВА

Суретті түсірген: Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз