Несие мақсатсыз берілмейді
Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру шарттарына сәйкес, шаруагерлерге берілетін несиенің жоғары сомасы – он миллион теңгеден аспайды. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12 пайызды құраса, несие қаражатын пайдалану мерзімі 54 айға дейін созылады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Гүлзада Шалағұлованың айтуынша, «Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, несие жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеті пайызбен төрт жыл мерзім-ге дейін беріледі. Несиенің жоғары сомасы 8000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бір ескеретіні, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша тұтынушылық мақсатқа, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу ақысын төлеуге несие берілмейді.
Өз тілшіміз.