photo 79979

«Негіз жоқ»: Экс министр Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі тағы ұзартылды

Жаңалықтар
10 / 100

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дмитрий Куряченко кеше, 26 наурызда сағат 22:47-де Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.

«Судья шешімінің себебі белгілі. Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті үй қамауына алу да негізсіз», – деді Куряченко.

Айта кетейік, соңғы рет Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін 22 ақпанда ұзартты. Оның қорғаушысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Біртановқа қатысты заңсыз қудалау әрекеттерін тергеуді сұрап өтініш» жібергенін хабарлады.

Біртанов 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған