Жарнама
БілімЖаңалықтар

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үздік 10 кітапты ұсынды

Аtr.kz/17 мамыр, 2020 жыл. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үздік 10 әдебиетті анықтады. Білім ордасының кітапханасы ұйымдастырған «Кітап-селфи» акциясында әрбір оқырманның көңілінен шығатын үздік шығармалардың жиынтығы таныстырылды.

Биыл аталған акцияға қатысуға ниет білдіргендер саны 20-дан асқан. Алайда мектеп кітапханашылары үздік он қатысушыны іріктеп онлайн арқылы ақтық дауыс беру кезеңіне өткізген,- дейді мектеп баспасөз қызметінен.

«Оқушылардың кітап оқуға деген құмарлығын арттыру мақсатында мектеп жанындағы кітапханамен бірқатар акциялар мен жобалар тұрақты өткізіледі. Соның бірі жыл сайын өтетін «Кітап-селфи» акциясы. Аты айтып тұрғандай әрбір қатсушы өзінің сүйікті кітабымен суретке түсіп оның қысқаша мазмұнын әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялауы тиіс. Осылайша оқушының көзімен өзге балалар аталған кітап жөнінде танысады және оқуға ден қоюы да әбден мүмкін. Бұл оқырмандарды тартудың тың жолы. Акцияға әртүрлі жанрдағы туындылар қатыса алады. Біз көбіне оқу-тәрбиелік мәні зор шығармаларға басымдық жасаймыз. Кейде тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу, әдеби және ойын сауықтық тақырыптарға арналған кітаптарды оқушылар акцияға ұсынады», — дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Дана Мырзағалиева.

Зияткерлердің таңдауы бойынша жасөспірімдер арасындағы ең үздік он кітаптың тізімі мынадай болды. Олар: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Дж.Бойнның «Тау шыңындағы бала», «Махамбет Өтемісұлының жыр дастандары», Х.Хосейннің «Бегущий за ветром» кітабы, К.С.Льюистің «Хроники Нарни» шығармасы, Ш.Ковидің «Табысқа жететін жасөспірімнің 7 дағдысы», М.Мэнсонның «Тонкое искусство пофигизма», А.Свингеннің «Мұрны сынғанның балладасы», Ж.Вернаның «80 күнде жер шарын шарлау» және И.Макстың «Таңғажайып болашаққа саяхат» кітаптары енген.

Он кітаптың ішінде үздік үштікке еген кітаптар қатарында Ш.Ковидің «Табысқа жететін жасөспірімнің 7 дағдысы», «Махамбет Өтемісұлының жыр дастандары» мен И.Макстың «Таңғажайып болашаққа саяхат» бар.

«Заманауи кітапхана бізден оқырманмен жұмыс жасаудың тың тәсілдерін меңгеруде талап етуде. Қазір балаға кітап оқы деп айту еш нәтиже бермейді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы жастардың қажеттіліктерін өтеу арқылы кітапхананың жұмысын жаңа талаптарға сай сәйкестендіру», — деді мектеп кітапханашысы.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

Атыраудағы НЗМ-нің баспасөз өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button