Назарбаев Зияткерлік мектебі: САПАЛЫ БІЛІМ, СЕНІМДІ БОЛАШАҚ
XXI ғасыр басында ел дамуындағы соны серпін, жаңа бағыт-бастамалар қай салаға болмасын, жаңашылдық енгізудің қажеттігін туындатты…
Қарқынды әлеуметтікэкономикалық даму техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға сұранысты арттырғандықтан, заманмен қоса қарыштап ілгері басу білім саласына да жаңа міндеттер жүктеді. Сондықтан, 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептерін құру жөніндегі жоба іске қосылды.
Атыраулық мектеп айшықтары
Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп, негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізу, зерттеу, талдау, байқаудан өткізу, іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң ретінде қалыптасты. Озық білім жүйесімен сусындап, тәлім мен тәрбиені қатар ұштастыруға, жаңаша даму жүйесіне бейімделуге түрткі болатын мектепте оқу әр баланың арманына айналды.
Соның дәлеліндей, елдің әр өңірінен аталған білім ордасында оқуға ниет білдірушілер саны жыл санап артып келеді. Атырау қаласындағы айшықты білім ордасы – химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде Зияткерлік мектептер желісіне қосылды. Білім ордасының арнайы бағытта, яғни, химия-биология саласына бет бұруы тегін емес. Өйткені, субдикция аймағы саналатын Атырау өңірінде мұнай-газ саласы, химия, құрылыс материалдарын өңдеуге арналған шикізат өндірісі жолға қойылып, даму үстінде.
Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептері секілді мұнайлы аймақтағы Елбасы мектебі академиялық білім беруде NIS-program жүйесін басшылыққа алады. Аталған бағыт – қазақстандық және әлемдік үздік дәстүрлер мен озық білім жүйелерін қамтитын, халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар, жоғары білімді тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған инновациялық білім беру жүйесі. Бағдарлама мемлекеттік міндетті стандарттарға сай пәндердің мазмұнын қамтумен қатар, халықаралық талап үдесінен шығуды да көздейді.
Көп тіл білгеннің көкжиегі кең
Көп тіл білу арқылы зияткерлік мектеп оқушысының ойлау кеңістігі, танымдық көкжиегі мен қарымқатынас жасау дағдысы айтарлықтай жоғары болатыны анық. Сондықтан, қазақстандық жастар кәріс, неміс, француз, қытай және испан тілдерін жетік меңгеріп келеді. 2017 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екінші шет тілі ретінде француз және кәріс тілін оқыту енгізілген.
Әйгілі Виктор Гюго, Теофиль Готьенің, Ким Сын Ок, Мёнгван Чхонның тілін меңгеріп шыққан жастардың бұл жетістіктері болашақ өмірлеріне аса қажетті фактордың бірі екені сөзсіз. Ал, былтыр наурыз айында зияткерлік мектептің бір топ оқушысы әйгілі «Notre damе de Paris» мюзиклін с а х н а л а ғ а н ке зд е к ө р е рм е н д е р қатарында болған француздықтардың өзі өнерлі өрендерге тәнті болып, қойылымға жоғары баға беруі де көп нәрсені аңғартады.
Тұңғыш Президент атындағы мектептер желісінің құрамына кіретін Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік м е кт е б і о қ ы т уд ы ң 1 2 ж ы л д ы қ жүйесін іске асырады. Жоғары мектепте (11-12-сыныпта) білім беру процесі оқушыларды нақты ғылыми бағытта, яғни Қазақстандағы және шет елдегі жетекші университеттерге оқуға түсуге дайындауды басымдық санайды. Облыстағы зияткерлік мектепте 12 жылдық білім беру жүйесін тәмамдап, халықаралық сертификаттарды иеленген түлектердің саны мыңға жуықтады. Қуантатыны сол, соңғы жылдары ел астанасындағы Назарбаев Университетіне түсушілердің де қатары артып келеді. Егер 2014 жылы атыраулық түлектердің арасында Назарбаев Университетіне қабылданғандардың саны 5-10 пайыздан аспаса, қазір бұл көрсеткіш 80-90 пайызға дейін жетіп отыр.
Мақтан тұтар шәкірт көп
Озық ойлы, өз қатарластарынан білімбілігімен дараланып, жүйрік атанған үздік шәкірттер – зияткерлік мектептің басты кредосының бірі. Мектеп тарихында авторлық туындысына ресми патент алған 4 оқушы, 200-ге жуық түрлі пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, 60-тан астам ғылыми-зерттеу және шығармашылық конкурстарда топ жарған балалардың есімдері алтын әріппен жазылған.
Атап айтсақ, Абай-Лоран Әлмұхамедтың «Дыбыс толқындары арқылы өртті сөндіру құрылғысы», Мадина Мүлікованың «Жарық көздері арқылы баламалы энергия алу», Бейбарыс Ғ и л а ж д ы ң е р і кт і л е р ге а р н а л ғ а н « Ш а ң ы р а қ » м о б и л ь д і қ о с ы м ш а с ы , Ермек Кеңесовтің «Пластик қ а л д ы қ т а р ы н а н к і р п і ш шығару» еңбектері – көптің көңілінен шыққан төл жобалары. Болашағынан зор үміт к ү т т і р е р , і з д е н і м п а з жастар – ел болашағы. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жоғары жетістікке қол жеткізген оқушылардың мемлекет мүддесі жолында аянбай тер төгетіні мақтануға тұрарлық.
Уақытты босқа өткізбей …
Білім және тәрбие – егіз ұғым. Мұнайлы шаһардағы зияткерлік мектеп өз тәрбиеленушілерін «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясындағы негізгі жеті құндылықты басшылыққа ала отырып тәрбиелеп келеді. Сондықтан, әр баланың жүрегіне жол тауып, жеке ізденісі мен қызығушылығын орындау мақсатында білім ордасында 20-дан астам қосымша білім беру үйірмесі жұмыс істейді. Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған бұл үйірмелер негізгі академиялық сабақтармен бірге оқытылады. Драма үйірмесі мен көлеңкелер театры, «Жас сарбаздар» патриоттық клубы, әжелер клубы, «NIS press» жас тілшілер мен TED’x клубы, қолөнер, бейнелеу, саз балшық, тігін, ағаш, металл шеберханасы – оқушылардың сабақтан тыс уақытты тиімді өткізуіне мұрындық болып отырған игі бастамалар.
Соңғы 4 жылдан бері мектептің жоғары сынып оқушылары Біріккен Ұлттар Ұйымының мәжілісіне негізделген халықаралық студенттер мен оқушылардың конференциясына, ЮНЕСКО және Уикипедияға мүшелік етеді. «Шәкірт-ата-ана-мектеп-қоғам» тандемі сәтті үйлескен жағдайда бірлескен істің берері мол болатыны белгілі. Осыған орай, мектепте кешенді психо-әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүзеге асады. Мәселен, «Берік отбасы», «Ұрпақтар сабақтастығы» жобалары оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Кітап оқудан кенже қалып, гаджеттер тұрмыс пен сананы билеген заманда адами қадірқасиеттерге үндейтін бастамалардың болашақ ұрпақ үшін маңызы зор. Осы мақсатта соңғы екі жылдан бері оқушыұстаз-ата-ана және қоғам біртұтастығы негізінде іске асып келе жатқан «Кітап фест» оқырмандар фестивалі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірегей жобасына айналды. Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстың өзге мектептерін өз деңгейіне жетелейтін аймақтағы білім берудің ең басты инновациялық нысаны ретінде табысты еңбек етуде.
Технологиялық дербестікті қамтамасыз ету мақсатында 720 оқушыға арналған білім ордасының ғимараты бірнеше бөлікке бөлінген. Коммуникациялық байланыстың оңтайлы шешімін және адамдардың ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында блоктардың өзіндік ерекшеліктері көп-ақ.
Мәселен, 120 адамға арналған трансформацияланатын трибунасы бар үлкен және шағын спорт зал, тренажер залы бөлек орналасса, 378 орындық көп функциялы акт залы ғимараттың келесі блогында. Әрқайсысы 12 орындық 18 тіл үйрену кабинеті, математика мен физикадан сабақ өткізуге арналған мамандандырылған блок, география, тарих, экология, химия, биология пәндерін оқытуға арналған мамандандырылған блоктың бір-бірінен бөлек орналасуы да тиімді тәсілдің бірі ретінде өз нәтижесін көрсетіп келеді.
Ұлағатты ұстаздар ұстаханасы
Білімді шәкірт тәрбиелейтін ұстаз біліктілігі – мектептің басты критерийі. Іріктеуден өткен өңірдегі мықты мұғалімдерге қоса, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметіне ОАР, Колумбия және Филиппиннен келген халықаралық дәрежедегі 5 мұғалім іс-тәжірибесімен бөлісуде. Ең алғаш ашылғанда бір орынға 6 үміткер болыпты. Қазір білім беру мекемесінде жоғары білімді 139 мұғалім қызмет етеді. Олардың арасында 4 педагог «Мұғалім-эксперт», 59 «Мұғалім-модератор», деңгейлік курстардан өткен 24 ұстаз бар.
Назарбаев Университетін бітірген 7 мұғалімнің екеуі магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ, аталған жоғары оқу орнының 5 түлегі жас маман ретінде мектепке оралып, жұмысқа орналасты. Бәрі де – Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы түлектері. Осылайша, Елбасы мектебі оқу орнындағы кадр тапшылығын шешу үшін өз түлектерін жұмысқа қабылдауға ынталы.
Жалпы, өңірдегі мұғалімдердің жетіспеушілігін шешу мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен екіжақты меморандумның аясында жоғары оқу орнының педагогика факультетінде білім алып жатқан III-IV курс студенттері Назарбаев Зияткерлік мектебінде өндірістік практика және стажировкадан өтуге мүмкіндік алып отыр.
Сапалы білім алуға жайлы орта қалыптасқаны да көп жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Аумағы 6 гектар жерге жайғасқан нысан құрамында волейбол, үлкен теннис, баскетболмен айналысуға арналған бірнеше спорт алаңы, жүгіруге арналған жол салынған. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін барлық алаң гетерогенді қабатпен қапталып, футбол алаңына жасанды газон төселген. Қыс мезгілінде алаңның біреуі мұз айдыны есебінде қолданылатыны жылдағы дәстүрге айналыпты.
Білім ордасындағы тағы бір ерекшелік – өмір қауіпсіздігі және жоғары деңгейдегі тұрмыстық жайлылығы ескерілген 132 орындық заманауи жатақхана. Бөлмелер 4 оқушыға есептелген. Жатақханада көмекші оқытушыға арналған, оқу және ата-анамен кездесу бөлмелері бар. Мектеп жанындағы жатақханада бірнеше жоба іске асырылады. Бірнеше жылдан бері «Ауылдан базарлық», «Әкелер мен аналар» клубы табысты іске асып келеді. Отбасынан жырақта жүрген баланың көңіл күйі мен оның демалыс күндерін ұтымды ұйымдастыру үшін жатақханада оқушылар кеңесі құрылған.
Түйін:
Өзге орта мектептер бой түзеуге, теңесуге ұмтылатын зияткерлік мектеп те әлемді әуреге салған пандемия салдарынан күнделікті жұмыс тәртібін өзгертуге мәжбүр болды. «Бекітілген талаптарға сай қазір оқу процесі қашықтықта жүзеге асып жатыр. Демек, отандық педагогика мемлекет қойып отырған талаптардан бөлек, әлемдік деңгейдегі өзгерістерге тез бейімделуге, белгілі кедергілерді еңсеру арқылы жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алды. Қазір қазақстандық педагогтың алдында жаңа міндеттер тұр. Бұл міндетпен бірге бүтін бір ұлттың жас буынын дәуір талаптарынан кенде қылмай оқыту мен тоқыту жүгі бар. Сынақ пен шыдамдылық шайқасқа түскен кезеңде біздерге, яғни мұғалімдерге қоғамның қолдауынан басқа ештеңе керек емес», — дейді Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Құралай Ахмадиева.
Гүлжан ӘМІРОВА
- *Инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру, білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академилық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімді бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау құқығына ие. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Яғни, бастама білімсаласындағы соны серпін саналады.
* Мектеп күнделігінен:
11 қыркүйек, 2013 жыл
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі салтанатты түрде ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асқан зияткерлік мектептер желісіне өңірдегі оқу орны он бесінші мектеп болып қосылды.
6 ақпан, 2014 жыл
Атырау облысына іссапарымен келген мемлекет басшысы мұнайлы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Елбасы оқу орнының жұмысымен танысып, оқушылармен тілдесті
20 маусым, 2015 жыл
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы 176 түлегін шығарды. Олардың 16-сы «Алтын белгі иегері» атанса, 50-ден астамы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. 6 қараша,
2017 жыл
Өңірдегі Зияткерлік мектеп CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өткендігі жөнінде ресми құжат алды.