Назарбаев Ақышевті ешкімнен қорықпауға шақырды

Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктiң қызметiне кедергi келтiретiндер бар екенiн айта келе, төрағасы Данияр Ақышевке iске батыл кiрiсiп, ешкiмнен қорықпауға шақырды деп хабарлайды Baq.kz.

pogudx3nkloip0fh4.a7069ea0

«Ұлттық банк өткен қиын жылда жақсы жұмыс iстедi. Қазiр мен Ұлттық банктiң банктердi алдын ала бақылау, реттеу мүмкiндiгiн заңды түрде күшейту мiндетiн қойдым. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктiң iсiне араласуды елдiң қаржы жүйесiне араласу деп есептеп, жазалау керек. Мен Ұлттық банк тәртiп орнатқан сайын банктiң төрағасына шабуыл күшейiп отырғанын байқап отырмын. Мен Ұлттық банк төрағасын 100 пайыз қолдаймын. Мұны акционерлер, осы залда отырғандардың кейбiрiнiң демеушiлерi iстейдi. Ешкiмнен қорықпа, ешкiмнен!», – дедi елбасы.

 Президент банк жүйесiндегi қиындықтарға тоқталды.,

«Банктер әлсiз, 80 пайыз активтер бар болғаны төрт банктiң қолында. Әлемде дағдарыс басталған кезде iрi компаниялар бiрiктi. Банктердi сақтап қалғысы келсе бiрiксiн. Басқа жол жоқ. Батыл iске кiрiс, ешкiмнен қорықпа. Кедергi келтiретiндер болса, маған аты-жөндерiн айт», – деп қадап айтты елбасы.

Айта кетейiк, Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, Үкiметте өтуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз