Наурызда қанша күн демалыс болады

screenshot 1 1 Жаңалықтар

Жұмыс істейтін ел тұрғындары наурыз айында қосымша 4 күн демалады.

Наурыз айында 2 мемлекеттік мереке бар. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға сәйкес, бұл күндер демалыс саналады.

Оның бірі – 8 наурызда аталып өтілетін Әйелдердің халықаралық күні. Бұл күн биыл серсенбіге келіп тұр.

Ал екіншісі – мемлекеттік Наурыз мейрамы. Мерекені қазақстандықтар 3 күн, яғни 21, 22, 23 күндері тойлайды. Биыл наурыз мейрамдары сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерге тұспа-тұс келеді. Әдетте мұндай жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыратын. Бірақ, бұл жолы Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ. Оған 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы себеп болуы мүмін. Солайша, 18, 19 наурыз – сенбі, жексенбі демалыстары, 20 наурыз – жұмыс күні, одан әрі 21-23 наурыз – мемлекеттік мейрам.

Сондықтан наурыз айында мереке күндерін қоса алғанда аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 12, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз