Наурыз айында ауа райы салқындайды
Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының алғашқы күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.
Алдағы күндері республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.
«Ауа температурасы солтүстікте түнде 0…5, кей жерлерде 10 градусқа дейін суық, күндіз 0…5 градус жылы, ал оңтүстік өңірлерде сынап бағанасы 0…5, кей жерлерде 10 градус, күндіз 10…18 градус жылыны көрсетеді», — деп хабарлайды синоптиктер.
5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігінен ығысатын суық антициклонның әсерінен еліміздің барлық аумағында күн суытады. Солтүстік, шығыс және орталықта түнде -10…-15, кей жерлерде -20 градусқа дейін, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -2…-7 градусқа дейін төмендейді.
«8 наурыз және демалыс күндері күн қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста +3…+8 градус, солтүстікте, шығыста және орталықта 0…-5 градус суық, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +10…+15 градус жылы болады», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, айдың екінші жартысында суық қайта оралуы мүмкін. Қазгидромет синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай бұл болжамның елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін екенін ескертті.
Дереккөз: «Спутник Қазақстан»