Жарнама
Жаңалықтар

Нағыз қазақ – домбыра

Қадыр Мырза Әлидің: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген терең мағыналы сөзінде үлкен шындық жатыр. Себебі домбыра – қазақ халқының болмысын, тұрмысын, салт-дәстүрі мен рухани дүниесін айқын бейнелейтін қасиетті аспап. Домбыра күні – жай ғана мереке емес, бұл – қазақ күнін, ұлт рухын, тарихын ұлықтау. Домбыраның қос ішегінде халқымыздың қуанышы мен қасіреті, жүрек сыры мен өмір жыры қатар өрілген.

Домбыраға деген құрметім бала күнімнен басталды. Ес білген сәттен бастап, үлкендердің күй тартып, терме айтып отырғанын қызыға тамашалап өстім. Әсіресе ағаларым мен апаларымның домбыра шерткен сәттері жадымда ерекше сақталып қалды. Бұл қызығушылық бірте-бірте махаббатқа айналды. Мектеп бітірген соң өзіме алғаш домбыра сатып алып, арнайы курстарға қатыспай-ақ, айтыскер ақындардың ортасында жүріп, сүйікті мақамдарымды өз бетімше меңгердім.

Содан бері он бес жылдан астам уақыт өтті. Домбыра – менің сырласым, жан дүниемнің үнін жеткізер ең сенімді серігіме айналды. Ол мен үшін жай ғана аспап емес, ол – тарихпен тілдестіретін, жүрекпен сырласатын киелі мұра.

Домбыра күнін атап өту – ата-бабадан қалған аманатқа адал болу. Бұл күн – ұлттық кодымызды ұлықтап, ұрпақ санасына рухани тамырды сіңіретін маңызды қадам. Сондықтан әр қазақ үшін бұл күннің мәні терең, мазмұны ерекше болуы тиіс.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ,
айтыскер ақын

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button