Жарнама
Жаңалықтар

НҰРСАЯДАҒЫ ҚОНЫС ТОЙЫ

Айта кетсек, төрт үйдегі 150 пәтер баспанаға кезекте тұрғандарға, оның ішінде, 30-ы – жетім балаларға, 39-ы халықтың осал топтарына, 79-ы мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне және екеуі үйі апатты деп танылған отбасыларына тиесілі болды. Ал, 45 пәтерлік №89 тұрғын үй жас отбасыларға арнайы салынған болатын. 

Құрылыс жұмыстарын жүргізген «ӘлемЦентрСтрой» және «АтырауРемСтройМонтаж» ЖШС нысанды белгіленген уақытта тапсырып отыр.

— Ең өзекті мәселе – халықты тұрғын үймен қамту бағытында Үкімет көптеген ауқымды шараларды атқаруда.  Биыл жылдың соңына дейін облыс орталығында 1254 пәтерлік 21 тұрғын үй тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, маусым айында пайдалануға берілетін бір бөлмелі 240 пәтерлік үйдің 100 пәтеріне ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қоныстанбақшы. Ал,  шілдеде «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 90 пәтерлік үй тапсырылады. Сонымен қатар, 120 пәтерлік жаңа үйдің құрылысы басталады. Нұрсая мен Самал ықшамаудандарында 280 орындық балабақша ағымдағы жылдың 1-мамырынан бастап балаларды қабылдай бастайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа үйлер салуды ұсынып отырмын. Бұл, біріншіден, қала келбетін жаңартуға және халық тұрмысын жақсартуға сеп болмақ  — деді, аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы.

Салтанатты шарадан соң облыс және қала басшылары жаңа пәтерлерді аралап, жағдайымен танысты. Тұрғын үйлер соңғы үлгідегі жоба бойынша тұрғызылған. Сондықтан да бөлмелері кең, аса ыңғайлы, жайлы. Құрылыстың сапалы жүргізілгендігіне көз жеткізген соң, облыс әкімі қоныстой иелеріне облыс әкімінің атынан тұрмысқа қажетті бағалы сыйлықтар тарту етті.

А. социалқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button