Жарнама
ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайыЭкологияЭкономика

Нұрлан Ноғаев: Жергілікті мамандарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлу керек

Атырау облысының әкімі солтүстік Каспий жобасы акционерлерінің бірі — итальяндық ENI компаниясының басшылық құрамымен кездесті,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-02-06 at 17.29.16 (1)

Делегация құрамында ENI компаниясының барлау мен өндіру жөніндегі бас операциялық директоры Велла Антонио, атқарушы вице-президент Лука Виньяти, Солтүстік-Каспий жобасы бойынша атқарушы директор Биадже Пиетроруе болды.

Атырау облысына сапардың мақсаты — Қашаған кен орнын пайдалану жобасын қарау, кеніштегі мұнайды өндіруді жақсартуға бағытталған шаралар туралы NCOC компаниясында шара өткізу.

«Жақында Астанада Энергетика министрімен кездесіп, Қашаған кен орнында жүргізілетін жұмыстардың жобасын талқыладық. Зауыт жақсы жобаланған, мұнай өндіру белсенді қарқында жүріп жатыр. Қашағанда тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріледі, газ жағу бойынша әлемдегі ең озық технология қолданылады»,-деді ENI компаниясының барлау мен өндіру жөніндегі бас операциялық директоры Велла Антонио.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде шетелдік компания өкілдеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобаны жүзеге асыруға қажет жағдайдың бәрі жасалатынын айтты.

«Ең бастысы, кен орнын пайдалану, көмірсутек өндіру кезінде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы, жобаның экологиялық тұсы сақталуы тиіс. Тауарлар мен қызмет көрсетулердегі жергілікті мазмұнның үлесіне, өндірісте жергілікті мамандардың қызметпен қамтылуына көңіл бөліну керек»,-деп атап айтты Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button