Жарнама
Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев даярлық курстардан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-02 at 10.21.02 (2)

«Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы әкімнің дәрісіне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында оқып жатқан жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Шарада аймақ басшысы жас мамандарға облыстағы жетістіктер мен 2017-2018 жылдардағы көп өнімнің өндірілгені туралы айтты. Сонымен қатар, дәріс барысында Нұрлан Ноғаев өзінің тәжірибесімен бөлісті. Аймақ басшысы жиынға қатысқан жастарға мемлекеттік қызметтің ауыр жұмыс болса да, жауапты қызмет екенін жетік түсіндірді.

«Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкер болу бұл халық пен басшылықтың тарапынан бізге білдірген үлкен сенім. Әр азаматтың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастыру әрбір мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей міндетті. Мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік пен кәсіби білімді, адалдық пен өмірлік ұстанымда белсенді, адамгершілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Ол өз елінің патриоты болу қажет. Өз білімін үнемі жетілдіріп отырып, үнемі ізденісте болғаны жөн. Мемлекет басшысының жариялаған бұл қағидалары мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге бел байлауға шешім қабылдағандар үшін анық нұсқаулық болуы керек», — дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-07-02 at 10.21.03 (1)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы Сәуле Кубашеваның айтуынша, облыста мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Облыс әкімі біздің бастамамызды қолдап, жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқығаныңызға қуаныштымыз. Әрбір жаңадан келген маман үшін жақсы үлгі болуға, жұмыс жолының басында күшті тәлімгерге ие болуы керек. Облыс әкімі мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісіп тұрғаны бізді қуантады. Біздер өз жұмысымызда тікелей пайдаланылатын өте құнды және пайдалы ақпарат алғанымызға сенімдіміз», — дейді Сәуле Кубашева.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш келген мемлекеттік қызметшілер қайта даярлықтан өту міндетті екенін айтқан болатын. Бүгінгі күні өңірімізде 42 жаңа мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру мақсатында оқуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button