Нұрлан Ноғаев: Әкімдіктер тұрғындардың өмірін жақсартуға барынша жұмыстануы тиіс

WhatsApp Image 2018 07 30 at 16.54.14 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауылдық елді мекендерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-30 at 16.54.14

Азғыр өңіріне сапарының екінші күні Нұрлан Ноғаев бірқатар әдеуметтік объектілерді аралап, Асан, Қоңыртерек, Қоянды, Жалғызапан жәнеи Батырбек ауылдарында жергілікті тұрғындармен кездесті. Өңір басшысы шалғайдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттердің бірі екенін баса айтты..

Біздің міндетіміз тұрғындардың өмірін жақсарту үшін барлық жағдайларды жасау, қолда бар барлық құралдарды пайдалану. Бұл процеске барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық институттар, барлық деңгейдегі мәслихаттар тартылып, әкімдіктер жергілікті жерлерде бізге жобаларды ұсынуы тиіс. Жергілікті тұрғындардың үміт-армандарын, қандай да бір елді мекенді жақсарту үшін ненің жетіспейтінін бәрінен бұрын сіздер жақсы білесіздер. Өкінішке орай, кейбір аудандарда жұмыстың бұл тетігі толық іске аспайды. Әкімдер, депутаттар, қоғам қайраткерлері осы іске қатысуы керек. Жақсы жобаларға біз барлық уақытта қаражат табамыз. Сіздердің міндеттеріңіз оларды жеткізу, – деді Нұрлан Ноғаев.

Азғыр өңірінің тұрғындарын 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау объектілерін реконструкциялау, құрылысын салу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдануда екенін атап өткен жөн.

Олардың қатарына қазіргі уақытта Қоянды топтық су құбыры арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отырған Азғыр өңірінің 7 елді мекені кіреді (Азғыр, Балқұдық, Батырбек, Сүйіндік, Жалғызапан, Қоңыртерек, Егінқұдық). Сонымен қатар, Асан, Үштаған елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда және Қошалақ, Ниетбай ауылдары жер асты суын пайдаланып, ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз