Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Нұр-Сұлтан – нұр шашқан билік пен құдірет символы

Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Жастар Қазақ елін Елбасы есімімен байланыстырады. Бұл бір жағынан әлем халқы үшін де таңсық атау емес.

“Елордамыз – Нұр-Сұлтан” шарасы барысында сөз алған Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешов осылай деді.

– Бүгін ел үішн маңызды күн, — деді ол. – Тұңғыш Президент есімімен алтын ордамыздың аталуы біз үшін үлкен мәртебе. Кезннде Елбасы өз атымен тек білім беру ошақтарын атауға ғана рұсқат берген еді. Сонда алғашқы болып Назарбаев университеті мен зияткерлік мектебі бой көтерді. Бүгінде оның түлектері әлемнің түкпір-түкпірінде сапалы білім алып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

IMG 20190325 WA0186

Тіл маманы ретінде сөздің этимологиясы талдап қарар болсақ, «сұлтан» араб тілінен аударғанда «билік» пен «құдіреттілікті» білдіреді. Демек, Нұр-Сұлтан – нұр шашқан билік пен құдірет символы. Олай болса, бәрімізге ортақ қуаныш құтты болсын!

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button