Н.Ноғаев: Мемлекеттік қызметкерлер өз біліміне ғана сену керек
Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев «Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау» курсының тыңдаушыларымен еркін сұхбат өткізді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кездесу мақсаты – мемлекеттік қызметтегі және өмірлік тәжірибемен бөлісу, пікір алмасу, жас мемлекеттік қызметшілерге кәсіби бағыт бағдар беру, жас мемлекеттік қызмет мектебінің үміткерлеріне мемлекеттік қызметтің қоғамда алар рөлі туралы түсініктерін кеңейту.
Облыс басшысы жас мемлекеттік қызметкерлерге өзінің өмірі, еңбек жолы, басшылық қызметке қалай келгені туралы тыңдармандарға баяндап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
– Мемлекеттік қызмет ең алдымен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жауапкершілікті мойынмен көтере білу керек. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, елге қызмет ету, жерге қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Сондықтан, мінез қалыптастыра білу керек. Мінез қалыптастыру менің білуімше ұстамдылық, тыңдай білу, саралай білу. Мемлекеттік қызметке жаңадан аяқ басқан қызметкерлерге толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруларын тілеймін, – деді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.
Шараға 50-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 3000-нан аса мемлекеттік қызметкер еңбек етеді.