Жарнама
Жаңалықтар

Нью-Йоркте қазақстандық алма таратылды: Бас консулдық ерекше акция өткізді

Кеше Нью-Йоркте жаңа iPhone сатылымы басталды. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы «Алма» атты креативті имидждік акция өткізді.

img 3098
Screenshot

Акцияның символикасы үш ұғымды тоғыстырды: Apple корпорациясының атауы, Алматы қаласының белгісі және Нью-Йорктің «Big Apple» («Үлкен алма») деген бейресми атауы.

Консулдық өкілдері мен студенттер, қазақ диаспорасынан құралған еріктілер көшедегі тұрғындар мен қонақтарға QR-код жапсырылған алмалар таратты. Сол кодты сканерлегендер Қазақстан, Алматы, елдің туристік әлеуеті және алманың тарихи тамырлары туралы мәлімет ала алды.

Әсіресе, Қазақстанның – алманың арғы тегі саналатын отан екендігі ерекше атап өтілді. Тянь-Шань тауларының баурайында, Алматы маңында әлі күнге дейін жабайы сиверс алмасы (Malus sieversii) өседі. Ол – бүгінгі таңда кең таралған алманың көптеген сұрпының негізі болған ағаш. Бұл бірегей құбылысты National Geographic сынды басылымдар жариялаған көптеген зерттеулер де дәлелдеген.

img 3101
Screenshot

Шара Нью-Йорк тұрғындарының қызығушылығын тудырып, олар Қазақстанның мәдениеті, тарихы мен қазіргі жетістіктері жайлы көптеген сұрақтар қойды.

«Алма» акциясы Қазақстанның халықаралық аренадағы танымалдылығын арттыруға, мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған креативті қоғамдық дипломатияның жарқын үлгісіне айналды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button