«Атырау» газетіне жазылып, «Айфон-11» ұтып алыңыз!

rpaprarara 1 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Облыстық «Атырау» газетіне жазылу жөніндегі бастамаға исатайлықтар да атсалысып, лайықты үлесін қосуда. Солардың санатында өзім де бармын.

Көп жылдан бері Аққыстаудағы жергілікті тұрғындармен ағайындай араласып, бауыр басып кеткендіктен шығар, біз де отбасымызбен «Атырауды» алдырамыз. Басылымға ауылдастарымызды да жаздырамыз. Ал, алдағы жылға әлеуметтік осал топқа жататын 20 жанұяны облыстық газетке жеке қаражатымыздың есебінен жаздырып отырмыз.

Зелимхан ЗУБАРИЕВ,

жеке кәсіпкер,

Исатай ауданы

***

Ел ағасы Төкен Танаұлының облыс кәсіпкерлеріне жолдаған Үндеуін қолдаймын. «Атырау» газетінде оқырманға ой саларлық дүниелер мен сараптамалық мақалалар ерекше дизайнмен жарияланып жүр. Ақпарат айдынында алдыңғы қатардан көрініп жүрген өңірдің басты басылымына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды жаздыртуға демеушілік танытамын.

Гүлмира ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«ПЦНКүзет» ЖШС директоры,

Атырау қаласы

*Жеделхат

Облыстық «Атырау» газетінің

Бас редакторы И.БАЛМАҒАМБЕТОВКЕ


Облыс айнасы саналатын «Атырау» газетін оқырман асыға тосып отырады. Біздің Кенбай орта мектебінің педагогикалық ұжымы, әсіресе, газет ішіндегі газет – «Педагогты» қолдарынан тастамайды. Өйткені, қосымшада мектеп пен мұғалім, ата-ана мен балаға қатысты мақалалар өте көп. Менің ұсынысым: осы қосымшаның бір бетін мектеп оқушыларының шығармашылығына арнаса, қайтер еді?

Біздің мектеп ұжымы жыл сайын баспасөзге жазылу науқаны кезінде ұдайы ұйымшылдық көрсетеді. Былтыр 52 адам «Атырауға» жазылса, енді алдағы жылы газеттің 63 данасына жазылды.

Жаннат ЕСЖАНОВА,

Кенбай орта мектебінің кітапхана меңгерушісі, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз