Жарнама
Жаңалықтар

«МЫҚТЫ БИЗНЕС – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ»

Жиынға қатынасқан аудан әкімінің орынбасары Абдуррахман Муса аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев пен Мақаш селолық округіндегі мәдениет үйінің директоры Нәсіп Жұмағұлованы партия қатарына қабылдануларымен құттықтап,  жемісті еңбек тіледі.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өркен Тәжібаев күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша хабарлама жасады.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Карсакова «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» партиялық жобасының маңыздылығына тоқтала келе, «Нұр Отан» партиясы отандық бизнеске жан-жақты  көмек көрсетуді және кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін жағдайларды жақсартуды қолдайтындығын атап өтті. «Жалпы, осы бағдарлама бойынша 264 адам несие алып отыр. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін немесе кәсібін одан  әрі  кеңейтуге ниет білдіргендерге бизнес сабақтары ұйымдастырылып келеді. Алдағы уақытта барлық мүмкіндікті пайдаланып, ауданымызда отбасылық бизнесті дамытуды және мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытта іске асатын жобаларды, сонымен қатар, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында үш жылға арналған кәсіпкерлік даму картасын дайындауды қолға алуымыз қажет» деп өз пікірін білдірді.

Мәжіліс соңында саяси кеңес талқылаған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Руфина Темірғалиева,
меншікті тілші,
Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button