МЫҢ РАХМЕТ, СІЗДЕРГЕ!
Мен мүгедек адаммын. Бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұрамын. Әсіресе, қыс мезгілінде балкон мен сыртқы есіктен соққан жел үй ішін кәдімгідей азынатып, суытып жіберетін. Қара суықтың денсаулыққа кері әсерін тигізетіні онсыз да түсінікті. Балкон жабу, есік ауыстыруға аз ғана жәрдемақының жетпейтіні тағы бар. Осы мәселемен редакцияның «Жүректен – жүрекке!» жобасына хабарласып, көмек сұрадым. Нәтижесінде облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы пәтерімнің есігін ауыстырып беруге жәрдем етті. Шын жүректен ризашылығымды жеткізе отырып, редакция ұжымына шығармашылық табыс тілегім келеді. Сіздер өз жобаларыңыз арқылы газеттің бұқараның шын мәнісіндегі жоқшысы, мұңшысы екендігін дәлелдедіңіздер.
К. ТІЛЕПОВ, екінші топ мүгедегі,
Атырау қаласы.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
жоба авторы.