ӘЛЕМ және КОРОНА: Бразилияда бір күнде 1300 адам көз жұмды

200715082754778e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Бразилияда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 41 857 жағдайы тіркеліп, осы індеттен 1300 адам көз жұмды. Бұны елдің Денсаулық сақтау министрлігі де мойындап отыр, деп хабарлайды Agencia Brasil агенттігі.

Бүгінгі таңда елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 74 000 адамға жетті. Бразилияның тарихи қаласы Ору-Претуде осыншама халық тұрады екен. Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбімен (13 шілде) салыстырғанда 1,7 пайызға артты. Ол күні індеттен көз жұмғандар саны 72 833-ке жеткен болатын.

Пандамеия басталғалы коронавирус инфекциясымен науқастанғандар Бразилияда 1 926 000-нан асты. Егер бұны қала тұрғындарының санымен алсақ, ол Бразилиядағы халқы ең тығыз орналасқан 9-шы қала болар еді. Ресми деректер бойынша, елде 1 209 000 адам COVID-19 індетінен емделіп шықты. Бүгінгі таңда 3 928 өлімге қатысты тергеу жүріп жатыр.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асып кетті, деп хабарлайды Хабар24kz.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бір ғана Флорида штатының өзінде 282 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 4 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Бұл вирус ошағы болған Қытайда дертке шалдыққандар санынан үш есе көп. Калифорнияда да науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін жергілікті билік карантин режимін күшейтті. Атап айтқанда, штатта мейрамханалар, кинотеатрлар, музейлер және зообақтардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар 30 округте шіркеулер, кеңселер, фитнес орталықтары және шаштараздар жабылды.

«Отбасыңыздан тыс адамдармен араласуды тоқтата тұрыңыз. Бұл – қарапайым қағида. Алайда мұны да сақтамайтындар бар. Лос-Анджелес пен Сан-Диего мектептерінде жаңа оқу жылында сабақ онлайн режимде өтеді. Эпидемия бәсеңдегенше, қашықтан оқу форматын қолдануға тура келеді»,-дейді Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом.

Әлем елдері карантинді қайта күшейтіп жатыр

Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының көбеюіне артуына байланысты бірқатар елдер карантиндік шараларды қатайтты. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) көптеген елдерде жағдай нашарлап бара жатқанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Американың Калифорния штатында барлық мейрамхана, көңіл көтеру орындары, хайуанаттар бағы мен мұражайлар жабылды. Үндістанның Бангалор қаласында бір апталық карантин енгізілді. Иран астанасы Тегеранда да карантин жеті күнге ұзартылды. Университеттер, мектептер, кітапханалар, сұлулық салондары, мешіттер, кинотеатрлар, театрлар мен мұражайлар жабылды. Барлық мәдени-көңіл көтеру және діни шаралар уақытша тоқтатылды. Гонконгта тұрғындарға әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы шешім ұйғарылды.

Ашылғанына бір ай болған «Диснейленд» тағы да жабылды. Мороккода Танжер қаласында карантин енгізілді. Оңтүстік Африка Республикасында коменданттық сағат жүріп жатыр. Колумбия астанасы Боготаның кейбір аудандарында екі апталық карантин енгізілген. Аустралияның 5 млн жуық тұрғыны бар Мельбурн қаласы алты апталық карантинде. Қала орналасқан Виктория штаты көршілес Жаңа Оңтүстік Уэльс және Оңтүстік Австралия штаттарымен шекараларын жапты. Израиль мен Батыс жағалауда шектеу енгізілген. Өзбекстанда карантин 10 шілдеден бастап енгізілген. Ол 1 тамызға дейін жалғасады. Англияда 24 шілдеден бастап дүкенге келушілер маска тағуға міндеттеледі, деп мәлімдеді Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок.

Ережені бұзғандар үшін 100 фунт (125 доллар) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұған дейін ғалымдар әрекетсіздік жағдайында коронавирустың екінші толқыны тағы 120 мың британдық азаматтың өмірін қиып әкетуі мүмкін деп ескерткен еді. Британияда Covid-19 вирусынан 45 мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл – Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш. Індет жұқтыру оқиғаларының саны жағынан екінші орында Бразилия тұр. Аптаның соңына қарай онда пандемия басталғаннан бері ауру жұқтырғандар саны 2 миллион адамнан асуы ықтимал.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз