«Мұстафа Шоқай. …Ол кім?»

1 Жаңалықтар

Осы аптада Атырау облысының Құрметті азаматы, тарих ғылымдарының докторы «Хисмет Табылдиев күзгі оқуларына» арналған жиында «ҰОС. Түркістан легионы және Мұстафа Шоқай: аңыз бен ақиқат» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, спикерлер іс-шарамен құттықтап, тарихи деректерге шегініс жасады.

Мұстафа Шоқай күллі түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған қайраткер. Алаш партиясының құрамында болып, Түркістан автономиясының алғаш құрушылардың бірі де бірегейі. Ғұмырының 21 жылын Еуропада бас сауғалап, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға. Халықаралық жиын онлайн және оффлайн форматында ұйымдастырылып, оған еліміздегі профессор, докторлардан бөлек Татарстан, Әзербайжан елінен де зум платформасы арқылы ғалымдар қатысты. Жиын барысында ғалымдар Түркістан легионы жайында тың деректерімен бөлісіп және оған қатысқан атыраулық азаматтардың тағдырын баяндап, тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда, ҚР ҰҒА академигі, профессор Берекет Кәрібаев «XVIII ғ. басындағы Отан тарихының өзекті мәселесі немесе «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғалармен, профессор Шахман Нағимов «Түркістан легионына қатысқан атыраулық азаматтардың тағдыры» туралы зерттеген деректермен, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет «Ғ.Бейісов М.Шоқай хақында» тың деректерге құрылған, М.Шоқайды алғашқы және соңғы рет көрген, Түркістан легионының жасағы атыраулық азамат Ғ.Бейісовтың естеліктерін, сұхбаттарындағы деректермен бөлісті.

– Мұстафа Шоқайды ақтап шыққан Әнуар Әлімжанов деген жазушы. Қайбір жылы… «Қазақ әдебиеті» газетінің 16-шілдедегі санында «Мұстафа Шоқай… Ол кім?» деген мақаласы жарық көрді. Олар «Біз Міржақып Дулатұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы, Ахмет Байтұрсынұлының идеясын алға қарай жалғастырамыз. Біз бір тілім нан үшін соғысып жүргеніміз жоқ, біз Түркістан идеясы үшін, еліміздің азаттығы үшін соғысып жүрген сарбаздармыз» деп айтты», – деді тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет.

Сонымен қатар, жиын барысында филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Жаңабаевтың «Поэтический текст в обряде и ритуале: генезис, формы, функции (на материале устной поэзии жырау XV–XVIII веков)» монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

А.Қабдолов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз